ТД Турабаев ДаулетбекАдвокат Кеңес алу

Құжат дайындату

Дайын арыздар

34 құжат — адвокаттың үлгісімен, сіздің деректеріңізбен толтырылады. Әр құжатты адвокаттың өзі тексереді.

«Заңнама» кітабынан

Неке және отбасы заңы бойынша өз құқығыңды біл!

8 құжат
Некені бұзу туралы талап арыз Ажырасу: некені сот арқылы бұзу. Алимент пен мүлік бөлу — бөлек құжаттар. 10 000 ₸ Алимент өндіру туралы талап арыз Кәмелетке толмаған балаға алимент өндіру: үлеспен (1/4, 1/3, 1/2) немесе тұрақты ақша сомасымен (АЕК). 10 000 ₸ Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы талап арыз Некеде бірге алынған мүлікті (үй, көлік, ақша) бөлу. Ажырасумен бірге немесе одан кейін. 10 000 ₸ Бала 3 жасқа толғанға дейін жұбайын асырауға алимент өндіру туралы талап арыз Бала күтімімен отырған әйел (жұбайы) бала 3 жасқа толғанға дейін өзін асырауға күйеуінен алимент өндіргісі келсе. 10 000 ₸ Әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы талап арыз Ресми некесіз туған баланың әкесі әке екенін мойындамаса: әкелікті сот арқылы анықтау және сонымен бірге алимент. 10 000 ₸ Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арыз Ажырасқан ата-ана бала кіммен тұратынына келісе алмаса: баланың тұрғылықты жерін сот арқылы анықтау. 10 000 ₸ Ортақ мүлікті бөлу, тыйым салу және автокөлікті сатқан мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз Жұбайы ортақ көлікті сатып жіберсе: мүлікті бөлу, сату мәмілесін жарамсыз деп тану, тыйым салу. Ештеңе сатылмаса — «Ортақ мүлкін бөлу» арызы. 10 000 ₸ Алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз Екі некедегі балаларға екі сот шешімімен ұсталатын алимент жалпы алғанда заңдағы үлестен асып кетсе — алимент мөлшерін азайту. 10 000 ₸
«Заңнама» кітабынан

Еңбек заңы бойынша өз құқығыңды біл!

6 құжат
Жұмысқа қайта қабылдау және амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіру туралы талап арыз Жұмыскерді жұмыстан заңсыз шығарса: жұмысқа қайта алу және бос жүрген уақыттың жалақысын өндіру. Алдымен келісім комиссиясы мен еңбек инспекциясына жүгінеді. 10 000 ₸ Келісім комиссиясына арыз (жұмыстан босату бұйрығымен келіспеу) Жұмыстан шығару бұйрығымен келіспесе — бірінші қадам: жұмыс берушінің келісім комиссиясына арыз (бұйрықты алғаннан кейін бір ай ішінде). 10 000 ₸ Еңбек инспекциясына арыз (жұмыстан заңсыз босату) Жұмыстан заңсыз шығарды деп есептесе — еңбек инспекциясынан бұйрықтың заңдылығы туралы жазбаша қорытынды сұрау. 10 000 ₸ Еңбек шарты Жұмыс беруші (ЖШС) жаңа жұмыскермен жасайтын жазбаша еңбек шарты: лауазым, жалақы, жұмыс уақыты, демалыс, құқықтар мен міндеттер. 10 000 ₸ Жұмысқа қайта орналасу және бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру туралы талап арыз (келісім комиссиясы мен еңбек инспекциясынан кейін) Келісім комиссиясы мен еңбек инспекциясынан кейін сотқа: босату бұйрығын жою, жұмысқа қайта алу, бос жүрген айлардың жалақысы, моральдық зиян. 10 000 ₸ Жұмысқа қайта орналастыру және амалсыздан бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіру туралы талап арыз (жұмыста болмағаны үшін босату, моральдық зиян) Жұмыста болмағаны үшін шығарылған, бірақ дәлелді себеппен болмаған жұмыскер: бұйрықты жою, жұмысқа қайта алу, жалақы, өтемақы, моральдық зиян. 10 000 ₸
«Заңнама» кітабынан

Жер заңы бойынша өз құқығыңды біл!

4 құжат
Көршінің заңсыз құрылысы туралы ескертпе хат Көрші жер учаскеңізге тақап немесе шекарадан шегініс қалдырмай құрылыс салып жатса — сотқа жүгінбес бұрын көршіге жіберілетін жазбаша ескертпе хат. 10 000 ₸ Көршінің жер учаскесіне кіріп салған құрылысын бұзу туралы талап арыз Көрші жер учаскеңізге кіріп немесе тым тақап құрылыс салса — оны өз есебінен бұздыру туралы сотқа талап арыз. 10 000 ₸ Тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арыз Құқық беретін құжаты жоқ жерге өзі салған (өз бетінше салынған) үйде ұзақ жыл (7 жылдан астам) адал әрі ашық тұрып келе жатса — сол үйге меншік құқығын сот арқылы тану. 10 000 ₸ Сәулет және қала құрылысы бөлімінің іс-әрекетіне дау айту туралы талап арыз Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз жеріңізге үй салуға рұқсат беруден бас тартса — бас тартуды заңсыз деп тану туралы әкімшілік сотқа талап арыз. 10 000 ₸
«Заңнама» кітабынан

Әкімшілік заң бойынша өз құқығыңды біл!

5 құжат
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға шағым Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулымен келіспесе — сотқа немесе жоғары тұрған органға шағым (көшірмесін алғаннан кейін 10 тәулік ішінде). 10 000 ₸ ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен толтырылған әкімшілік хаттамаға шағым Мас күйінде көлік басқарды деп ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылса, ал азамат көлікті мүлде жүргізбеген болса — хаттамаға сотқа шағым. 10 000 ₸ Автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құрал толтырған электронды хаттамаға шағым Автоматты камера бағдаршамдағы ақ сызықты басты деп ӘҚБтК 601-бабының 1-бөлігімен электронды хаттама жіберсе, ал жүргізуші сызықты баспаған болса — хаттамаға сотқа шағым. 10 000 ₸ ӘҚБтК 590-бабының 7-бөлігі бойынша полиция инспекторының әрекетіне шағым Инспектор алдыңғы шам стандартқа сай емес деп ӘҚБтК 590-бабының 7-бөлігімен сараптамасыз айыппұл салса — инспектордың әрекетіне сотқа шағым. 10 000 ₸ Жеке сот орындаушының іс-әрекетіне дау айту туралы талап арыз Жеке сот орындаушы берешекті анықтау туралы қаулымен борышкердің берешегін заңсыз азайтса — өндіріп алушының мамандандырылған әкімшілік сотқа талап арызы. 10 000 ₸
«Заңнама» кітабынан

Банк несиесі бойынша өз құқығыңды біл!

5 құжат
Банктік қарыз шарты бойынша ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін беру туралы арыз Банкке алғашқы арыз: төлемдер борыш, сыйақы мен айыппұлға қалай бөлінгенін, шот үзіндісін, айыппұл есебін, сақтандыру құжаттарын сұрау. 10 000 ₸ Банктік қарыз бойынша заңсыз есептелген өсімпұл мен айыппұлды алып тастап, берешекті қайта есептеу және жаңартылған өтеу графигін жасап беру туралы арыз Банк не коллектор заңнан тыс өсімпұл, айыппұл есептесе — банкке арыз: артық соманы алып тастап, берешекті қайта есептеу, жаңа кесте (сотқа дейін). 10 000 ₸ Банктік қарыз бойынша заңсыз есептелген өсімпұл мен айыппұлды (тұрақсыздық айыбын) алып тастап, берешекті қайта есептеу және жаңартылған өтеу графигін бекіту туралы талап арыз Өсімпұлды алып тастау туралы арызға банк 15 күнде жауап бермесе не бас тартса — берешекті қайта есептеу, жаңа кесте бекіту туралы сотқа талап арыз. 10 000 ₸ Банктік қарыз шарты бойынша өтеу әдісін сараланған (дифференциалды) әдіске қайта есептеу туралы арыз Кредит тек аннуитетпен рәсімделіп, сараланған әдіс ұсынылмаса — банкке арыз: кестені сараланған әдіске қайта есептеу (сотқа дейін). 10 000 ₸ Банктік қарыз шарты бойынша өтеу әдісін таңдау құқығын қалпына келтіру, өтеу кестесін сараланған (дифференциалды) әдіске қайта есептеу туралы талап арыз Банк тек аннуитет кестесіне қол қойғызып, банкке арыз нәтиже бермесе — сотқа: кестені сараланған әдіске қайта есептеу, артық сыйақы мен моральдық зиянды өндіру. 10 000 ₸
«Заңнама» кітабынан

Банкроттық туралы заң бойынша өз құқығыңды біл!

6 құжат
Кредиторға арыз (банкроттық туралы іс қозғалғаны және шоттан ұстамау туралы) Сот банкроттық туралы іс қозғағаннан кейін — кредитор банкке шоттан ақша ұстамауды сұрап жазылатын арыз. 10 000 ₸ Банкрот деп тану туралы арыз (сот арқылы банкроттық) Несие 12 айдан астам төленбей, берешек 1600 АЕК-тен асса және төлеуге табыс жетпесе — сот арқылы банкрот деп тану туралы сотқа арыз. 10 000 ₸ Берешекті реттеу туралы арыз (кредиторға) Сот арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру алдында — банкке немесе МҚҰ-ға заңсыз өскен өсімпұлды қысқартып, жаңа төлем кестесін бекітуді сұрайтын арыз. 10 000 ₸ Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арыз Тұрақты табысы бар, бірақ несиесін төлей алмайтын адам — кредиторларға хат жіберіп, 15 күннен соң — төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы сотқа арыз. 10 000 ₸ Кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (банкроттық арызына қосымша) Банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы сотқа арызға қоса берілетін кредиторлар тізбесі: кімге, қанша, қай шарт бойынша қарыз. 10 000 ₸ Мүліктің тізімдемесі (банкроттық арызына қосымша) Банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы сотқа арызға қоса берілетін мүліктің тізімдемесі: үй, жер, көлік және олардың меншік түрі. 10 000 ₸
Керек құжат тізімде жоқ па? Жағдайыңызды жазыңыз — адвокат қай құжат керек екенін айтады.
Кеңес алу · 10 000 ₸