ТД Турабаев ДаулетбекАдвокат Кеңес алу
Сұрақ-жауап

Банкроттық туралы заң

Соттан тыс банкроттық қалай жасалады?

Соттан тыс банкроттық рәсімі қазіргі таңда дәстүрлі қағаз жүзінде арыз жазу арқылы емес, толықтай электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл рәсім eGov.kz порталы арқылы қолжетімді.

Азамат банкроттық рәсімін бастау үшін порталға кіріп, тиісті қызметті таңдайды. Өтінім беру барысында жүйе автоматтандырылған түрде арнайы сұрақтар ұсынады.

Өтініш беруші сол сұрақтарға нақты әрі шынайы жауап беруі тиіс. Жүйе енгізілген мәліметтер негізінде өтінімді автоматты түрде қалыптастырады, сондықтан жеке жазбаша арыз дайындау талап етілмейді.

Бұл тәсіл рәсімдеуді жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, көрсетілген ақпараттың дұрыстығы ерекше маңызды. Өтініште қарыз көлемі, кредиторлар туралы мәліметтер, табыс деңгейі секілді деректер нақты әрі толық көрсетілуі қажет. Себебі жалған немесе қате ақпарат берілген жағдайда, өтініш қабылданбауы немесе рәсімдеуден бас тартылуы мүмкін.

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдында, өзіңіздің несие берушілер ұйымдарда кредиттік тарихыңызға зерттеу жүргізіп, төленген және төленбеген жағдайларға толық анықтау қажет. Банктен, Микрозаймнан алған жауабыңызбен мына сұрақтарды анықтап алыңыз;

  1. Мүмкін кредиттің біршама бөлігі төленіп қойған шығарсыз;
  2. Банк пен Микрозаймның заңсыз қосқан пайызы бар шығар;
  3. Жалпы қазіргі таңда қанша қарызыңыз қалды;
  4. Банк пен Микрозаймнан коллекторға өткенде қана сомма өндіру туралы келісім шарт жасалды; Себебі заң бойынша коллекторлар үстіне ақша қоса алмайды.

5.

Жалпы Банк пен Микрозаймға кредит төлей алмағанда үстіне қосқан өсім жүргізу пайызы заңды ма?

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін өтініш eGov.kz порталы арқылы онлайн түрде беріледі. Ол үшін пайдаланушы міндетті түрде порталға авторизациядан өтуі қажет.

eGov.kz порталында соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібі

  1. Жалпы ереже

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін өтініш eGov.kz порталы арқылы онлайн түрде беріледі. Ол үшін пайдаланушы міндетті түрде порталға авторизациядан өтуі қажет.

  1. Порталда қызметті таңдау тәртібі

Порталдың басты бетіне кіріңіз. «Азаматтарға» бөлімін таңдаңыз.

«Кеден және салықтар, экономика және қаржы» бөлімін ашыңыз.

Қызметтер тізімінен «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» қызметін таңдаңыз. «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.

  1. Өтінішті таңдау және бастау

Ұсынылған өтініштер ішінен: «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беру» тармағын таңдаңыз. Экранда пайда болған хабарламамен мұқият танысыңыз.«Таныстырылды» бөліміне белгі қойыңыз.

«Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

  1. Өтінішті толтыру

Өтініш беру барысында келесі мәліметтерді көрсету қажет:

Тұрғылықты мекен-жай деректері:Некеде болған жағдайда – ерлі-зайыптылардың ЖСН-і Кредиттері бар ұйымдар туралы мәліметтер;

Салық органын таңдау;Қажетті құжаттарды жүктеу;

  1. Қосымша шарттар

Өтініш беру кезінде келесі жағдайларға сәйкес белгі қою қажет:

Егер сіз некеде болсаңыз, Егер сіз атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы болсаңыз, Егер міндеттемелерді орындау мерзімі 5 жылдан асқан болса;

  1. «Келісім» кезеңі

«Келісім» бөліміндегі барлық элементтерді мұқият тексеріңіз, Растау белгілерін қойыңыз

  1. Өтінішке қол қою

Өтінішке қол қою қолжетімді әдістердің бірі арқылы жүзеге асырылады, (ЭЦҚ немесе SMS-пароль) Егер «Некедемін» тармағы белгіленсе: Жұбайы (зайыбы) жеке кабинет арқылы өтінішке келісім береді,

  1. Өтінішті жіберу

Жұбайы келісім бергеннен кейін өтініш автоматты түрде мемлекеттік органға жіберіледі;

  1. Қызмет нәтижесін алу:

Өтініштің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде пайда болады, Нәтиже шешімге сілтеме түрінде ұсынылады, Шешімді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ресми сайтынан көруге болады.

Қорытынды: Бұл қызмет толықтай онлайн форматта көрсетіледі және азаматтарға сотқа жүгінбей-ақ банкроттық рәсімін бастауға мүмкіндік береді.

Жағдайыңыз басқаша ма? Адвокат құжаттарыңызды қарап, сізге жеке жауап береді.
Кеңес алу · 10 000 ₸

Осы тараудағы басқа сұрақтар