ТД Турабаев ДаулетбекАдвокат Кеңес алу
Сұрақ-жауап

Неке және отбасы заңы

Ажырасу, алимент, мүлік, бала дауы — сотқа қай ретпен жүгінеді?

Неке және отбасы туралы Заңы бойынша әрбір азамат өз құқығын білген дұрыс. Себебі, біздің заңгерлік қызмет көрсету орталығына келетін азаматтардың көпшілігі отбасылық дауы бойынша жүгініп келеді. Мен, заңгер ретінде отбасылық заңы бойынша төмендегідей кеңес бергелі отырмын.

Неке және отбасы Заңы туралы бойынша әрбір азамат өз құқығын сотта заңды тұрғыда қорғай алады.

  • Бірінші кезекте неке бұзу туралы талап арызы сотқа беріледі;
  • Екінші кезекте алимент өндіру бойынша сот бұйрығын шығаруға сотқа талап арыз беріледі;
  • Үшінші кезекте мүлік дауы бойынша талап арызы сотқа беріледі;
  • Төртінші кезекте кәмелеттік жасқа толмаған баланың оның ішінде 3 жасқа толғанша, алимент өндіру туралы сотқа талап арыз беріледі;
  • Бесінші кезекте кәмелеттік жасқа толмаған бала дауына қатысты талап арызбен сотқа жүгінеді ;Ескертпе ретінде Неке және отбасы туралы Заңының 62- бабында нақты көрсетілгендей 10 жастан бастап әрбір бала сотта әкесінде қалуға немесе анасын таңдауға толық құқысы бар.
Жағдайыңыз басқаша ма? Адвокат құжаттарыңызды қарап, сізге жеке жауап береді.
Кеңес алу · 10 000 ₸

Осы тараудағы басқа сұрақтар