Алимент өндіру бойынша сот бұйрығы қабылданып, сот шешімі шыққаннан кейін, сот тарапынан аталған сот бұйрығын жеке сот орындаушысына орындауға жібереді.
Жеке сот орындаушысына алимент өндіру бойынша сот бұйрығы келген күннен бастап, 3 тәулік ішінде атқарушылық іс қозғап, алимент өндіру бойынша заң талаптарына сай, өз жұмыстарын атқару қажет.
2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заң талаптары бойынша жеке сот орындаушылар өз жұмыстарын атқаруға міндетті болып табылады.
Алимент өндіру туралы сот шешімі бойынша борышкердің еңбек табысынан немесе қандай да есеп счетына түсетін табысынан өндірілетін сомасы төмендегідей болып есептеледі.
Борышкердің еңбек табысынан немесе қандайда бір есеп счетына түсетін өзгеде табыстарынан алимент өндіруге 1балаға- 25пайыз, 2балаға- 33 пайыз, 3-5 немесе одан көп балаға -50 пайыз ұсталып, сот шешімі бойынша өндіріп алушының есеп счетына 18 жас кәмелеттік жасқа толғанша алимент түседі.
Әрбір бала 18 жасқа толып, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де, 18 жастан 21 жасқа дейінгі аралықта борышкерден алимент өндіру үшін заң талаптарына сай сотқа жүгінеді.
Атап айтқанда, 18 жасқа толғаннан кейін, оқу орнына түскендігін растау қажет. Оқу орнынан 1-курс оқиды деген растайтын анықтама алып, сотқа әрбір кәмелетке толған баланының өзі талап арызбен алимент өндіруге деп, сотқа жүгіне алады.
Жеке сот орындаушы тарапынан сот шешімі бойынша алимент өндіру жұмыстарын өз денгейінде дұрыс жасамай жатса, жеке сот орындаушыданберешекті қайта есептеу туралы жана қаулысын алып, келіспеген жағдайда әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне қатысты шағым беру керек.
Мынадай жағдайларда жеке сот орындаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беруге толық құқықтарыныз бар.
Борышкермен жеке сот орындаушысы өзара келісіп, алимент бойынша берешек қаулысында тұрған қарыз соманы, артқы күндермен қайта есептеп, ең төменгі 85,000 теңгеге қайта түсіріп заңсыз іс-әрекеттер жасаса, арыздың төбесіне өз қала немесе облыс атауларын толық жазып, Әкімшілік мамандандырылған ауданаралық сотына талап арызбен жүгінесіздер.
Борышкер тарапынан алимент өндіру туралы сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамай, алимент өндіруден жалтарып жүрген жағдайда, жеке сот орындаушы тарапынан 3 айдан асқаннан кейін, ҚР-сы ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен борышкердің іс-әрекетіне қатысты толық құқықтық баға бере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салу бойынша өз жұмыстарын атқаруға міндетті.
Осы аталған ҚР-сы ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен борышкердің іс-әрекетіне қатысты толық құқықтық баға бере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынып, одан кейін де 6 айдан астам уақыт өтсе де борышкер тарапынан қайта алимент өндіру туралы сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамай, алимент өндіруден жалтарып жүрген жағдайда, жеке сот орындаушы тарапынан ҚР ҚК-нің 136-бабымен борышкердің іс-әрекетіне қатысты толық құқықтық баға бере отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жергілікті полиция бөліміне ұсыныс пен арыз шағым беру қажет.
Егер де жеке сот орындаушы тарапынан осы жоғарыда көрсетілген жұмыстарды заң талаптарына сай, өз денгейінде атқармай жауапсыздық танытса, өз атыныңыздан жоғары тұрған құзырлы органдарға арыз жазып, өз құқығынызды пайдалануға толық құқығыңыз бар.