Қылмыстық іс бойынша адвокат немесе заңгер сіздің сеніміңізге кіріп, тергеуден соттан 100 пайыз шешіп беремін деп, ақшаңызды алғанша толық уәде беретіндерде кездесіп жатады.
- Қылмыстық іс бойынша қандайда бір адвокат немесе заңгер дәл осылай 100 пайыз шешіп беремін деп айтатын болса, ақша беру барысында ұялы телефоныңызбен видеоға түсіріп, жазбаша түрде екі дана келісім шарт жасауын сұрап, бір данасын өзіңізге алуды талап етіңіз. Осы жасалған келісім шартта адвокат қылмыстық істі 100 пайыз шешіп бермеген жағдайда, төленген қаржы толық сенім білдіруші яғни сізге толық қайтарылады деп жаздырыңыз. Сол кезде қылмыстық істі адвокаттың 100 пайыз шешіп бере ала ма, әлде шешеп бере алмай ма, нақты көз жеткізетін боласыз. Себебі, адвокат айтқан сөзіне және берген уәдесі бойынша өзіне сенімді болмаса келісім шартқа 100 пайыз қылмыстық істі шешіп беремін, шешілмеген жағдайда алынған қаржы сенім білдірушіге толық қайтарылып беріледі деп жазып бере алмайды.
- Біздің заңгерлік қызмет көрсету орталығына келіп жатқан азаматтардың жан-айқайына тоқталсақ, қылмыстық іс бойынша балам сотта қамалып кетті, жалдаған адвокатымыз ақша алғанша 100 пайыз шешіп беремін деп, мені сотта алдап келді деп келетіндер бар. Сол себепті адвокат тандау кезінде келісім шартқа отыру кезінде, жоғарыда аталған талаптарыңыздың барлығын нақтылап көрсетіңіздер. Сол кезде адвокат сіздерді 100 пайыз шешіп беремін деген уәделерін айта алмайды және төленген қаржыны, тиісті құзырлы органға немесе сотқа шағым беріп толық қайтарып ала аласыздар.