Бірінші кезекте өзіңізге қатысты қылмыстық іс бойынша кемінде 5 адвокаттың қабылдауына жазылып, арнайы офис қызмет көрсету орталығына барып кеңес алыңыз.
- Екінші осы аталған 5 адвокаттын қайсысының кеңесі сізге нақты ұнады, сол адвокатпен келісім шартқа отырып, 1 данасын өзіңізге алыңыз.
- Үшінші адвокат таңдау кезінде, мысалы сіз ҚР ҚК-нің 106-бабымен адамға ауыр дене жарақатын салу бойынша кінәлі болып барып тұрсыз, осы кезде адвокат сізге ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша кемінде өзінің сотта қатысқан бес үкіммен сізді таныстыру керек.
Аталған сот үкімінде қандай жеңілдіктер жасап, соттан бас бостандығын өзінде қалдырып, кінәлі адамды соттатпай алып қалған жайлы нақты түсіндірме кеңес беру қажет .
- Төртінші міндетті түрде соттың үкімімен танысу барысында, адвокаттың өзінің қатысқан жайлы аты-жөні барына көз жеткізгеніңіз дұрыс.
- Бесінші адвокаттық қызмет көрсету лицензиясы бар және адвокат болып қанша жыл бойы тәжірибесі барына көз жеткізген дұрыс.