Егер жердің қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмай қалса, бүкіл жер учаскесін иеліктен шығару мәселесі туындауы мүмкін.
Бұл қағида Жоғарғы Соттың мемлекет мұқтажы үшін жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы нормативтік қаулысында түсіндірілген.
Сондықтан «тек бір бөлігін ғана аламыз» деген ұсынысқа қалған жерді пайдалану мүмкіндігін де есептеткен жөн.