ТД Турабаев ДаулетбекАдвокат Кеңес алу
Сұрақ-жауап

Қылмыстық заң

Тергеуге шақырса, бірінші кезекте нені білу керек?

Бірінші кезекте қылмыстық қудалау органы шақырған кезінде, бірден шақырған уақытына келісіп, барып жауап беруге болмайды.

  • Әрбір азаматты қылмыстық қудалау органы шақыру барысында, бірінші кезекте шақырту қағазын сұрау керек.
  • Қылмыстық қудалау органы шақыру құжатын берген жағдайда, шақырту қағазында қандай қылмыстық іске қатысты екендігі нақты көрсетіліп, қылмыстық істің нөмері толық жазылған болу керек.
  • Қылмыстық қудалау органы шақыру құжатында іс бойынша сіздің статусыңыз нақты жазылып көрсетілуі керек.
  • Нақты айтқанда шақырту құжатында жазылу керек, 1.куә қатарында жауап алуға, 2. қорғалуға құқысы бар куә қатарында жауап алуға, 3.күдікті қатарында жауап алуға деп, осы үшеуінің біреуі көрсетілуі міндетті.
  • Қылмыстық қудалау органы шақыру құжатында іс бойынша сіздің статусыңыз егерде жай куә қатарында деп тұрса, қорқатын жағдай емес, тек өзіңіздін таныс заңгерден кеңес алып барып, куә қатарында жауап берген дұрыс.
  • Қылмыстық қудалау органы сізден куә қатарында жауап алу барысында 3 сағаттан артық заңсыз ұстап, жауап алуға мүлдем құқысы жоқ. 3 сағат ішінде жауап алып үлгермесе, басқа күнге қалдырып, нақты уақытысын белгілеп, қайта куә қатарында жалғастырып жауап алуға міндетті. Көп адамдар өз құқықтарын дұрыс білмей, бір күн бойы 8 сағаттан аса уақыт жауап беріп отыра береді.
  • Қылмыстық қудалау органы тарапынан шақыру құжатында іс бойынша жай куә қатарында деп жалған жазып, сізден жауап алу барысында қорғалуға құқысы бар куә қатарында немесе күдікті қатарында жауап алуды бастайтын болса, сіз бірден өз құқыңызды пайдаланып, жауап беруден бас тартамын, жеке адвокатымен келіп жауап беремін деп айтуға толық құқығыңыз бар.
  • Сіз заң талаптарына сай, өз құқығыңызды пайдаланып жауап беруден бас тартқан жағдайда, қылмыстық қудалау орган тарапынан сізге ұсыныс жасай бастайды, сізге тегін адвокат тауып беремін, жауап бере беріңіз деп, уақытым кетіп жатыр деп, қорғалуға құқысы бар куә қатарында немесе күдікті қатарында жауап алуды бастайтын болса, сіз бірден тергеушінің айтқанына көніп қалып, жауап бермеуге кеңес беремін.
  • Себебі,қылмыстық қудалау орган тарапынан сізге ұсынған тегін адвокат тараптарынан да сізден жауап алу барысында құқығыңызды дұрыс қорғамайтындары кездеседі, бұндай жағдайлар біздің тәжірибемізде көптеп кездесіп жатады, нақты айтқанда бір оқиғаға қатысты жауап алу кезінде, адвокат тарапынан сізге келіспейтін жерлеріне келісе бер, ешқандай сізге зияны тимейді деп алдаусыратып, қатысыңыз жоқ болса да, орын алған оқиғаға қатысы бар етіп, сіздің қол қойып беруіңізге ықпал жасайды. Ал сіз келісіп қол қойып берсеңіз, қылмыстық іске қатысты деп танып, істі сотқа жібереді. Сотта кінәсіз адамдар, өзінің асығыстық жасап, қол қойған жауабына байланысты, кінәлі болып танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болып жатады.
  • Заңгер ретінде кеңесім қылмыстық қудалау орган тарапынан қорғалуға құқысы бар куә қатарында немесе күдікті қатарында жауап алуды жауап алу барысында, заң талабы бойынша өз құқымды пайдалана отырып айғақ және жауап беруден бас тартамын, жауабымды сотта беремін деп, қағаз жүзінде жазбаша жазып беріп, қылмыстық қудалау органнан кетіп қалуға толық құқықтарыңыз бар.
  • Қылмыстық қудалау органы тарапынан сіздің, заң талабы бойынша өз құқымды пайдалана отырып жауап беруден бас тартамын, жауабымды сотта беремін деп,қағаз жүзінде жазбаша жазып берген жауабынызды қабылдамай, қызмет бабын асыра пайдаланып жатса, тез арада шешім қабылдап, кезекші прокурорды шақыртып, қылмыстық қудалау органы тарапынан сізге қатысты жасаған заңсыз әрекеттерін нақты көрсетіп жазып, қылмыстық іс қозғауға шағым жазу керек.
  1. Заңсыз

әркеттер орын алса, кезекші прокурорды шақыртып, қылмыстық қудалау органы тарапынан жасалған заңсыз әрекеттеріне қатысты шағым беруге болады.

Көп жағдайда сізді жасамаған іс-әрекеттеріңізге қатысты қылмысты қудалау органымен сіздерді күдікті қатарына тануы мүмкін. Сізді құқық қорғау органы қызметкерлері не болмаса өзге де заңды тұлғалардың тарапынан жасамаған іс-әрекетіңізге қатысты мойындай сал, бәрібір құтылмайсың немесе өзге де құйтұрқы тәсілдермен сізді қылмыс жасауға итермелеп, айғақтар беруге мәжбүрлеп кінәсіз болсаңыз да қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін.

Ондай қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты, ҚР-ның ҚК-нің 412-бабы көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту, 412-1-бабы, қылмыс жасауға арандату, 415-бабы айғақтар беруге мәжбүрлеу, яғни осы баптармен қызметкерлердің өздерінің жауаптылықтары көзделген. Мұндай жағдай орын алып жатқанда сіз ешкімнен қорықпаңыз.

Жағдайыңыз басқаша ма? Адвокат құжаттарыңызды қарап, сізге жеке жауап береді.
Кеңес алу · 10 000 ₸

Осы тараудағы басқа сұрақтар