Жұмыс беруші тарап жұмыскердің құқысын бұза отырып, қысымшылық жасап жұмыстан босату кезінде төмендегі көрсетілген заң талаптары бойынша өз құқығыңызды қорғап, қайта жұмысқа орналасуға толық құқығыңыз бар.
Бірінші кезекте жұмыс беруші тараптын сізді жұмыстан босатқан жайлы еңбек шарты мен бұйрықтың тұп нұсқасын аласын.
Жұмыс беруші тараптың жұмыстан босатқан жайлы бұйрықты қолға алып, танысу барысында бұйрықтын астына келіспеймін деп міндетті түрде жазып беру керек.
Осы жұмыстан босатқан жайлы бұйрықты алысымен бір ай ішінде кешіктірмей, келісім арызын жұмыс беруші тараптын мекемесіне жазуы керек.
Екінші кезекте жұмыс беруші тараптын сізді жұмыстан заңсыз босатқан жайлы жергілікті Еңбек бақылау департаментіне арыз жазып, осы аталған мекемеден жазбаша түрде жауап қорытындысын алу керек. Берілген жауап қорытындысында жұмыс беруші тараптын жұмыстан босату барысында, заң талаптарын бұза отырып шығарылған деп берілсе, Жұмыс беруші мекеме басшысына барып, еңбек бақылау департаментінің жұмыстан заңсыз босатқан жайлы қотындысы шығып отыр деп, жауап қорытындысын тіркеуге алғызып мекемеге тапсырасыз, Осы қорытынды бойынша мекеме басшысы жұмыстан босатқан жайлы бұйрық күшін жойып, сізді қайта жұмысқа қабылдау қажет, алайда мекеме басшысы еңбек бақылау департаментінің қорытындысымен келіспеген жайдайда, сіз сотқа жүгінуге толық құқыңыңыз бар.
Үшінші кезекте жұмыс беруші тараптың келісім комиссиясына берілген арыздың жауабын және Еңбек бақылау департаментіне берілген арыздың жауабын алып екі ай ішінде сотқа беру қажет.