Атап айтқанда, жұмыс беруші жұмысқа қабылдау барысында келісімшартты 2 дана жасауға міндетті. Аталған келісімшарттың 1 данасын жұмысқа тұрушы жұмыскер өзіне алуға міндетті.
Келісімшартқа қол қоймастан бұрын, толық танысып шығуы қажет деп есептеймін.
Жасалған шартта көз жеткізетін жағдайлар:
- Шарттың қанша жылға жасалғандығы;
- Шартта ай сайынғы алатын еңбекақының нақты мөлшері;
- Шартта тұрақтылық және уақытша жасалғанына зер қою;
- Шартта көрсетілген құқықтар мен міндеттерін толық білуі;
- Шартта келіспейтін мәселелер бойынша қол қоймай тұрып, алып тастауға ұсынысын білдіру;
- Шартта жұмыс беруші тарапынан 8 сағаттан астам жұмыс ұсынса, қосқан сағатқа қосымша қаражат талап етуге құқылы;
- Шартта көрсетілген 52-бап және 64-баппен толық танысу қажет.
- Шарт бойынша жұмыс беруші 3ай сынақ мерзімін тағайындау барысында кемшіліктерге жол бермеу тиіс.