ТД Турабаев ДаулетбекАдвокат Кеңес алу
Сұрақ-жауап

Қылмыстық заң

Жауап алу – ең жауапты сәт

5.1. Жауап алу дегеніміз не?

ҚПК-нің 26-тарауы жауап алу мен беттестіру тәртібін реттейді.

Жауап алуға шақыру — қылмыстық процестегі ресми процестік әрекет.

ҚПК-де жауап алуға шақыру, оның орны мен уақыты, ұзақтығы, жауап алу ерекшеліктері және хаттамалау тәртібі көзделген. ҚПК мазмұнында бұл мәселелер 208–218-баптар аралығында реттелетіні көрсетілген.

5.2. Ең басты қағида: ойдан қоспау Тергеу кезінде адам жиі жіберетін ең үлкен қателік — білмейтін нәрсені болжап айту.

Мысалы:

Тергеуші:

  • 15 наурыз күні сағат 18:00-де қайда болдыңыз?

Азамат:

  • Үйде болған шығармын.

Егер нақты есіңізде болмаса, «үйде болдым» деп кесімді түрде айтудың орнына:

«Нақты уақытын есіме түсіре алмай тұрмын.

Құжаттарымнан/телефон деректерінен/басқа мәліметтерден нақтылап көрейік» деген дұрыс.

Өйткені кейін бейнебақылау, телефон деректері, банк операциялары немесе басқа дәлелдер сіздің сөзіңізге қайшы келуі мүмкін.

5.3. «Білмеймін» деу — қылмыс емес Адам шын мәнінде білмейтін нәрсеге:

«Білмеймін» деп жауап бере алады.

Егер есінде болмаса:

«Есімде жоқ» деп айтуға болады.

Егер нақты көрмесе: «Мен оны өз көзіммен көрген жоқпын» деп нақтылаған дұрыс.

Егер біреуден естісе:

«Бұл туралы өзім көрген жоқпын, басқа адамнан естідім» деп айту керек.

Бұл — ойдан болжам жасаудан әлдеқайда дұрыс.

ҚПК-нің 115-бабы бойынша куә өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, оның хабарлаған мәліметтері дәлелдеме бола алмайды.

Жағдайыңыз басқаша ма? Адвокат құжаттарыңызды қарап, сізге жеке жауап береді.
Кеңес алу · 10 000 ₸

Осы тараудағы басқа сұрақтар