Кейбір адамдар психологиялық қысымнан:
«Иә, бәріне кінәлімін.» деп айтады.
Бірақ құқықтық тұрғыдан әрбір әрекеттің нақты мән-жайы бар.
Адамның:
- қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасына қатысы;
- нақты әрекеті;
- ниеті;
- кінәсінің нысаны;
- себептері;
- салдары жеке-жеке анықталуы тиіс.
ҚПК-нің 113-бабы дәл осы мән-жайлардың дәлелденуге жататынын бекітеді.
Сондықтан адам өзін эмоциялық тұрғыдан «кінәлімін» деп бағалауы мен заң бойынша белгілі бір қылмыс құрамының бар болуы
- бір нәрсе емес.