ТД Турабаев ДаулетбекАдвокат Кеңес алу
Сұрақ-жауап

Әкімшілік заң

Жолдағы 20 нақты жағдай: азамат не істеуі керек?

Бұл тарау кітаптың ең практикалық бөлімдерінің бірі.

ЖАҒДАЙ №1

«Сізді полиция тоқтатты, бірақ не үшін тоқтатқанын түсіндірмеді»

Не істеу керек?

Сабырлы түрде тоқтатудың себебін сұраңыз.

«Көлік құралын тоқтатудың себебін түсіндіріп беруіңізді сұраймын.» Одан кейін нақты жағдайға байланысты заңда көзделген талаптарды орындаңыз.

ЖАҒДАЙ №2

«Қызметкер өзін таныстырмады» Сыпайы түрде:

«Қызметтік деректеріңізді және тоқтатудың себебін түсіндіруіңізді сұраймын.» Көлік тоқтатылған кездегі қызметкердің өзін таныстыруы және тоқтату себебін түсіндіруі «Жол жүрісі туралы» заңда көзделген.

ЖАҒДАЙ №3

«Полиция қызметкері: “Хаттамаға қол қой!” деді» Азамат:

«Алдымен хаттамамен толық танысқым келеді және өз түсініктемемді енгіземін.»деп айта алады.

Құжатты оқымай қол қоюдан аулақ болыңыз.

ЖАҒДАЙ №4

«Мен құқық бұзушылықпен келіспеймін» Хаттамаға өз позицияңызды енгізіңіз.

Мысалы:

«Хаттамада көрсетілген құқық бұзушылықпен келіспеймін. Өз түсініктемемді қосамын.» Содан кейін нақты себептерді жазыңыз.

ЖАҒДАЙ №5

«Полиция қызметкері менің сөзімді хаттамаға жазбады» Мүмкіндігінше:

«Менің түсініктемем толық енгізілген жоқ»деп өз ескертуіңізді көрсетіңіз.

Содан кейін жазбаша түсініктеме берудің және оны іске тіркеудің заңда көзделген мүмкіндігін пайдаланыңыз.

ЖАҒДАЙ №6

«Менде видеорегистратор жазбасы бар» Жазбаны сақтаңыз.

Түпнұсқасын жоғалтпаңыз.

Іс материалдарына тіркеуді сұраңыз.

ЖАҒДАЙ №7

«Оқиға орнында бейнебақылау камерасы бар» Бұл туралы жазбаша өтінішхат беріңіз.

«Оқиға болған жерде бейнебақылау камерасы бар. Тиісті бейнежазбаны сұрату және іске тіркеу мәселесін қарауды сұраймын.» ЖАҒДАЙ №8 «Полиция қызметкері жол белгісін көрсетті, бірақ белгі іс жүзінде көрінбейді» Оқиға орнын фотоға түсіріңіз.

Белгінің:

  • қашықтығын;
  • көрінуін;
  • жолдың орналасуын;
  • басқа кедергілерді мүмкіндігінше толық көрсетіңіз.

ЖАҒДАЙ №9

«Жол таңбасы өшіп қалған» Фото және бейне түсіріңіз.

Қарсылықты хаттамаға нақты жазыңыз.

«Жол таңбасының нақты көріну жағдайымен келіспеймін.

Оқиға орнының фотоматериалдары ұсынылады.

ЖАҒДАЙ №10

«Полиция қызметкері “Сіз бәрібір кінәлісіз” деді» Азамат эмоцияға берілмейді.

«Мен өз позициямды хаттамаға енгізгім келеді.»дейді.

Істің нәтижесін заңда белгіленген тәртіппен қабылданатын шешім айқындайды.

ЖАҒДАЙ №11

«Маған қандай бап бойынша хаттама жасалғанын түсінбедім» Сұраңыз:

«ӘҚБтК-нің нақты қай бабы және қай бөлігі қолданылып отыр?» Егер баптың мәнін түсінбесеңіз, заңгердің көмегіне жүгіну мүмкіндігін қарастырыңыз.

ЖАҒДАЙ №12

«Мен қазақ тілінде сөйлегім келеді» Іс жүргізудің тілдік құқықтарын пайдаланыңыз.

Егер іс жүргізілетін тілді білмесеңіз, аудармашыға қатысты құқықтарыңызды пайдалану мүмкіндігі бар. ӘҚБтК-нің 744-бабы мұндай құқықтарды көздейді.

ЖАҒДАЙ №1

«Мен адвокат шақырғым келеді» Бұл туралы нақты мәлімдеңіз:

«Қорғаушының заң көмегін пайдаланғым келеді.» ӘҚБтК қорғаушының әкімшілік іс жүргізудің тиісті сатыларында қатысу мүмкіндігін көздейді.

ЖАҒДАЙ №14

«Куәгер бар» Куәгердің бар екенін көрсетіңіз.

Оның іс бойынша мәліметтерін тиісті тәртіппен тіркеу және түсініктемесін алу мәселесін көтеріңіз.

ЖАҒДАЙ №15

«Полиция қызметкері менің бейнемді іске қоспады» Бұл жағдайды жазбаша түрде көрсетіңіз.

«Ұсынылған бейнематериалды іске тіркеуді сұраймын.» Қажет болса, кейін бұл мәселе шағымда да көрсетіледі.

ЖАҒДАЙ №16

«Хаттамада оқиға орны қате жазылған» Қатені көрсетіңіз.

«Хаттамада оқиға орны қате көрсетілген. Дұрыс мәлімет: ____.» ЖАҒДАЙ №17 «Хаттамада уақыт қате»

Мысалы:

«Хаттамада құқық бұзушылық уақыты 20:30 деп көрсетілген, бұл мәліметпен келіспеймін. Менің видеорегистратор жазбамдағы уақыт — 20:05.» Дәлелді қоса тіркеу мәселесін көтеріңіз.

ЖАҒДАЙ №18

«Қаулымен келіспеймін» Қаулыны алған күнді белгілеңіз.

Шағым беру мерзімін есептеңіз.

Қаулының көшірмесін сақтаңыз.

Шағымды заңда белгіленген тәртіппен беріңіз.

ЖАҒДАЙ №19

«Шағым беру мерзімін өткізіп алдым» Бірден:

«Енді ештеңе істей алмаймын» деп ойламаңыз.

Нақты істің мән-жайына қарай мерзімді өткізіп алу себептері және оны қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қолданыстағы заң нормаларын тексеру қажет.

Бұл жерде заңгердің көмегіне жүгіну өте маңызды.

ЖАҒДАЙ №20

«Полиция қызметкері заңсыз әрекет етті деп есептеймін» Ең бастысы — эмоция емес, дәлел.

Мыналарды жинаңыз:

  1. Хаттама.
  2. Қаулы.
  3. Видео.
  4. Фото.
  5. Куәгерлер.
  6. Қызметкердің деректері.
  7. Оқиғаның нақты уақыты мен орны.
  8. Сіздің жазбаша түсініктемеңіз.

Содан кейін заңда көзделген тәртіппен шағымдану жолын таңдаңыз.

БӨЛІМНІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Азамат өзінің құқығын қорғағанда үш нәрсені ешқашан ұмытпауы керек:

БІРІНШІ — ФАКТ

Не болғанын нақты жаз.

ЕКІНШІ — ДӘЛЕЛ

Айтқаныңызды мүмкіндігінше дәлелдеңіз.

ҮШІНШІ — ЗАҢ

Қандай құқықтың бұзылғанын немесе қандай процессуалдық мәселе туындағанын көрсетіңіз.

Осы үш элементті біріктірген азаматтың позициясы:

«Мен келіспеймін» деген жай сөзден әлдеқайда мықты болады.

Ол:

«Мен келіспеймін, себебі мынадай нақты жағдай болды; оны мынадай дәлелдер растайды; осыған байланысты заңда көзделген құқықтарымды пайдалануды және тиісті құқықтық баға беруді сұраймын»деген деңгейге көтеріледі.

АЗАМАТТЫҢ ҚАЛТАЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ

Полициямен сөйлескенде есте сақтаңыз:

СЕБЕП → БАП → ХАТТАМА → ТҮСІНІКТЕМЕ → ДӘЛЕЛ →

КӨШІРМЕ → ШАҒЫМ

Себеп — не үшін тоқтатылдым?

Бап — қандай құқық бұзушылық тағылып отыр?

Хаттама — онда не жазылған?

Түсініктеме — менің позициям қандай?

Дәлел — оны немен растаймын?

Көшірме — қандай құжаттарды сақтаймын?

Шағым — келіспесем, заңда көзделген тәртіппен не істеймін?

Осы жеті сөзді әр жүргізуші білуі керек.

АЗАМАТҚА СОҢҒЫ ЕСКЕРТУ

Полиция қызметкерімен қарым-қатынас кезінде азаматтың мақсаты:

жеңу емес;

жанжалдасу емес;

қызметкерді қорлау емес.

Мақсат:

Оқиғаның шындығын анықтау және өз заңды құқықтарыңды дұрыс пайдалану.

Егер азамат құқық бұзушылық жасаған болса — заң алдында жауап беруі тиіс.

Егер азамат құқық бұзушылық жасамаған болса — өзінің кінәсіздігін және қарсылығын заңды құралдармен қорғауға құқылы.

Ал егер әкімшілік іс жүргізу кезінде заң талаптары бұзылды деп есептесе — сол бұзушылықтарды нақты көрсетіп, белгіленген тәртіппен дау айтуға құқылы.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 744-бабы азаматқа хаттамамен және іс материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтінішхаттар мен қарсылықтар білдіруге, қорғаушының көмегін пайдалануға және хаттама мен қаулыға заңда көзделген тәртіппен шағым жасауға құқық береді.

Сондықтан кітаптың негізгі ұстанымы бір сөйлеммен былай беріледі:

«Заңды талапқа бағын, бірақ өз құқығыңды ұмыт САҚТАНДЫРУ АҚШАСЫН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

ЖКО болғаннан кейін ең маңызды мәселе — келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемін алу.

Қазақстан заңына сәйкес, міндетті автосақтандырудың негізгі мақсаты — көлікті пайдалану кезінде басқа адамның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеу.

Яғни, егер сіз ЖКО-дан зардап шеккен болсаңыз, заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемін талап етуге құқығыңыз бар.

  1. Алдымен сақтандыру жағдайын рәсімдеу керек ЖКО болғанын және кімнің кінәлі екенін растайтын құжаттар маңызды.

Сондықтан оқиғаны дұрыс рәсімдеу керек.

Сақтандыру компаниясы келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін қажетті құжаттарды сұрай алады.

Егер құжаттар жеткіліксіз немесе дұрыс рәсімделмеген болса, сақтандырушы жетіспейтін құжаттардың тізімін көрсетуге тиіс.

  1. Сақтандыру компаниясына өтініш беріңіз

Зардап шеккен адам сақтандыру төлемін алу үшін тиісті сақтандыру компаниясына өтініш береді.

Өтінішті жазбаша түрде немесе сақтандыру компаниясының тиісті цифрлық ресурстары арқылы беруге болады.

Маңызды: өтініш бергеніңізді дәлелдейтін құжатты сақтап қойыңыз.

Бұл кейін дау туындаса, өте маңызды дәлел болады.

  1. Көлікке келген зиян есептеледі

Сақтандыру компаниясы көлікке келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды.

Сіз сақтандырушы жүргізген есеппен танысуға құқылысыз.

Заңда сақтандырушының мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін анықтау туралы өтініш бойынша есеп жүргізуі және зиян мөлшері туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуы көзделген.

Сондықтан:

«Сізге осынша ақша есептелді» деген ауызша сөзбен шектелмей, есептің өзімен танысыңыз.

  1. Сақтандыру компаниясы аз ақша есептесе

Мысалы:

Көлігіңізді жөндеуге шамамен 1 500 000 теңге қажет деп ойлайсыз.

Ал сақтандыру компаниясы 800 000 теңге ғана есептеді.

Мұндай жағдайда бірден келісе салудың қажеті жоқ.

Сіз:

  • сақтандыру есебін сұрата аласыз;
  • қандай залалдар есепке алынғанын тексере аласыз;
  • келіспейтініңізді жазбаша білдіре аласыз;
  • қажет болса, зиян мөлшерін қайта бағалату мәселесін көтере аласыз;
  • дауды сақтандырушыға, сақтандыру омбудсманына немесе сотқа дейін жеткізуге құқығыңыз бар.
  1. Сақтандыру компаниясы төлемнен бас тартса

Сақтандыру компаниясы төлемнен бас тартса, бас тартудың себебін жазбаша түрде алыңыз.

Ауызша:

«Сізге ақша төленбейді» деген жауаппен шектелмеңіз.

Себебін және заңды негізін көрсетуді сұраңыз.

Содан кейін сақтандыру компаниясының шешімімен келіспесеңіз, заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгіну мүмкіндігін пайдалануға болады.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Сақтандыру ақшасын алу тәртібі қысқаша:

ЖКО болды → оқиғаны дұрыс рәсімдеу → құжаттарды жинау → сақтандыру компаниясына өтініш беру → залалды бағалау → есеппен танысу → төлемді алу.

Егер келіспесеңіз:

қарсылық → сақтандырушыға талап → омбудсман → қажет болса сот.

Ең бастысы

  • барлық өтініш пен құжатты сақтап, мүмкіндігінше жазбаша түрде жұмыс жүргізу.
Жағдайыңыз басқаша ма? Адвокат құжаттарыңызды қарап, сізге жеке жауап береді.
Кеңес алу · 10 000 ₸

Осы тараудағы басқа сұрақтар